«1 миллиардттан астам қаражат сұраған»: заңгер Айгүл Орынбек Бас прокуратурадан спорт басқармасының басшысын тексеруді сұрады
2023 жылы бітуіне 2 ай қалғанда 500 миллион теңге, биылғы жыл бітуіне 2 ай қалғанда бөлінген 1 миллиард қаражат тағдырын еліміздің Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеруін сұраймын
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласы әкімдігі Спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбековке шүйлікті. Айтуынша, ол “Ордабасы командасының легионерлеріне гонорарға” деп 1 миллиардттан астам қаражат сұраған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол жылдың аяқталуына 2 ай қалғанда қаржы бөлуді сұраған Мықтыбевтың бұл іс-әрекетіне таңданғанын жасырмады.
«“Сырттан келетін легионерлерге тоқтау салынуы тиіс”.
Қасым-Жомарт Тоқаев. Президентіміз осылай тапсырма берген еді, алайда Шымкент қаласы әкімдігі Спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, 7 қазан күні мәслихат депутаттарының алдында “Ордабасы командасының легионерлеріне гонорарға”, деп 1 миллиардттан астам қаражат сұраған. Спорт басқармасының сатып алу порталында қыркүйек айында 893 млн. теңге қаражатқа бір көзден мемлекеттік сатып алу жарияланып, қорытынды шыққан. Одан бөлек, жыл соңына екі ай қалғанда тағы 1 млрд. астам қаражат не мақсатта сұрап отырсыз Маратбек мырза? Осындай соммалар бір көзден берілгені қаншалықты заңды?», - деп жазды заңгер.
Айгүл Орынбек Министр Ербол Мырзабосыновтан Шымкент қаласына назар аударуын сұрады.
«Жыл басында Ордабасыға бөлінген 5 млрд нелеріңе жетпей жатыр Шымкент қаласы әкімдігі? Оның барлығы қайда кетіп жатыр? Мәслихат депутаттары ақша сұраса неге бере бересіздер? ҚР Бас прокуратурасы Президенттің тапсырмасын орындамайтын басшыларды тергеп тексеруді сұраймын. Министр Ербол Мырзабосынов! Сізді спорт саласын тазалауға келгеніңізді білемін.
Біздің Шымкент қаласына көңіл бөлуіңізді сұраймын. Былтырдан бері дәл осы спорт басқармасы жыл бітуіне екі ай қалғанда үлкен суммаларды футболистерге бөлетіні өте күдік тудырады.
2023 жылы бітуіне 2 ай қалғанда 500 миллион теңге, биылғы жыл бітуіне 2 ай қалғанда бөлінген 1 миллиард қаражат тағдырын еліміздің Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеруін сұраймын!», - деді ол.