Басты жаңалықтар

«Сақ болыңыз»: полиция қазақстандықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)

Егер күдікті хабарлама алсаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және деректерді бермеңіз

Полицейлер қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескерту жасады. Енді олар eGov.kz электронды үкімет порталы мен 1414 қызметін пайдаланатын болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен, онда қаскүнемдер мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде танысып, жеке деректерді сұратады немесе жоқ айыппұлдарды төлеуді талап етеді.

"Сақ болыңыз! Мемлекеттік органдар қоңыраулар немесе хабарламалар арқылы ақпарат сұрамайды. Егер күдікті хабарлама алсаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және деректерді бермеңіз", - дейді ведомство өкілдері.

Тексеру үшін полиция eGov.kz сайтына немесе 1414 байланыс орталығына хабарласуды ұсынады.