Спорт

«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Спортшы бала күтушісінің қызымен тек қазақ тілінде сөйлесетінін айтты

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Спортшы 10 айлық қызының тілі шыққанын айтып, желідегі парақшасында видеосын жариялады.

 "Айлиша алғашқы сөзін айтты, "әке" деді. Бұл жақсы жаңалықты сіздермен бөлісіп отырмыз", - деп жазды Ильин.

Желі қолданушылары спортшыға ізгі тілектерін білдірді. "Керемет, әкесінің қызы тіл көзден аман болсын балапан", "менің немеремнің де алғашқы сөзі “папа“ мен “ата” . Аилиша бақытты қыз болсын", "Күшті айттыңыз қазақша. Қазақ тілін қайдан білесіз?" деп жазуда.

Сонымен қатар, Илья Ильин қызына қарайтын бала күтушісінің Айлишамен қазақ тілінде сөйлесетінін айтты.