Спорт

Жанқош Тұраров қыз зорлады: тергеу тоқтатылды

Спортшы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды

Алматы полиция департаменті бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровпен болған іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

21 тамызда Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясына 1996 жылғы бойжеткен өзін белгілі боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арызданған. Кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Алайда спортшы өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.

Tengri Sport тілшісі департаментке аталмыш іс туралы сауал жолдады.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізілді, оның қорытындысы зорлау фактісін растамады. 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім шығарылды. Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келісті», - деп жауап берді полиция.