Көпеев жарық сұрап, жолды жапқандарға: АЭС салынсын, әлі немерелерің жол жауып, жарық сұрайды
Жасұлан Көпеев: Саясатпен айналыспадыңдар, енді саясат сендермен айналысады...
Саясаткер Жасұлан Көпеев желіде Алматы облысына қарасты Алғабас елдімекенінің тұрғындарының көшеге шығып, жарық мәселесін шешуді сұраған әрекетін сынап, осы жағдайға жетулеріне өздерін кінәлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Адамдар көшеге шығып, жолды жауып жатыр. Алматы облысына қарасты Алғабас ауылының тұрғындары жарық мәселесін шешіп беруді көтеріп жатыр. Тағы 15-20 жыл сабыр етіңіздер. Тоқаев АЭС-ті салып бітсін. Бірақ, мұнымен мәселе шешілмейді. Өйткені, АЭС салынып біткен күннің өзінде қазіргі қажеттіліктің 10% -тін ғана жабады. Сол кезде яғни 15-20 жылдан кейін, жылу, жары, тамақ сияқты негізгі қажеттіліктерді сұрап сіздердің балаларыңыз, немерелеріңіз жолды жабатын болады. Сіздер саясатқа қызыққан емессіздер, айналыспайсыздар, енді міне, саясат сіздермен айналысып жатыр деген осы",-деді Жасұлан Көпеев желідегі парақшасында.