Айгүл Орынбек: Мені шалғысы келетіндер заң алдында жауап бересіңдер!
- автор kyn.kz
- Бүгін, 11:29
- 236
Заңгер өз жұмысын бастағалы талай мәрте жолын кесіп, өзін сотқа беріп әурелегендер көп болғанын айтады. Ол елге құқықтық сауаттылық жайлы айта отырып, өзіме жала жабылғанын білдірмеуге тырысатынмын дейді. Себебі, онсыз да күмәнмен қарайтын жұрттың әділдікке деген сеніміне селкеу түсірмеу болыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болады!
Жемқорлар мен сыбайласқандар өздерінің қылмыстары ашылмас үшін бәріне баратыны белгілі емес пе?!
Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыстың құрамы болмаған соң жабылған!
Шыны керек басымнан өтіп жатқан қылмыстық істердің, соттардың бірде біреуін халықпен бөліспегем.
Ел алдында жүрген соң, әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі емес пе?
Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне нық сенімдімін!
Реформа болу үшін әрекет болу керек, ол әрекеттер кедергісіз болмайды.
Осыншама халықтың, мені қолдағанын оқып қуанып отырмын.
Мені қолдауға жиналудың қажеті жоқ, мен де бәрі жақсы.
Арқамда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ма?!
Маған қатысты заңсыз іс -әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер!
Өмір -күрес, күрес арқарай жалғасады!”,-деп жазды ол.