Спорт

«Күнәлар да жасадық»: Данияр Елеусінов бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты (ВИДЕО)

Олимпиада чемпионының қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы атанған боксшы Данияр Елеусінов алғашқы некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Айдос Ербосынұлының YouTube желісіндегі арнасына берген сұхбатында сыр шертті. Айтуынша, ол күнә жасаған.

«Ол кезде біз жас болдық, қателіктер де күнәлар да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол баламның анасы болғандықтан, жаман әңгіме қозғағым келмейді. Мен жақтан да, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ бастапқы себеп – дұрыс таңдауда және күнә жасамауда. Бәрі Исламға, тәрбиеге келіп тіреледі», – деді Елеусінов.

Олимпиада чемпионының қазіргі таңда Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар.