Қарағанды облысында жер сілкінісі болды
Жер сілкінісінің ошағы қазақстан аумағында болды
Қарағанды облысында жер сілкінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
30 қазан күні Қазақстан аумағында жер сілкінгенін сейсмикалық станциялар желісі растады.
"Астана уақыты бойынша сағат 10:59:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 47,572 N. 75.347 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-батысынан 500 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.