Қоғам

Әскердегі офицерлер мен сержанттардың айлығы 60% өседі

Үш жыл ішінде жалақы өсетінін айтты

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камелетдинов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Келесі жылдан бастап, әскердің, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің айлығы көтеріледі. Үш жыл ішінде (2025-2027 жылдар) 60 пайызға өседі», – деді Камелетдинов.

Үш жылдың ішінде Камелетдинов нақты қалай өсетінін ашып айтпады. Жазбаша жауап беруге уәде берді.

2025 жылы күш құрылымдарын ұстауға қанша қаражат бөлінетінін бұған дейін сайт тілшісі зерттеп көрген еді. Алайда бұл тек бюджеттің жобасы Жыл соңына дейін оған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Түпкі қаражатты желтоқсанда бюджет қабылданған кезде көре аламыз.