“Бала баланы бағады”: Ақтаулық ерлі-зайыпты 10 перзент тәрбиелеп отыр
Айтуынша, енесі мен үлкен қызының көмегі зор екен
Ақтаулық Сәкен мен Гауһар Ешмұхановтар 10 бала тәрбиелеп отыр. Олар 2001 жылы отбасын құрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ерлі-зайыптылар 5 ұл және 5 қыз тәрбиелеп отыр.
“Бала тәрбиесінде үлкен қызым мен енемнің көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. Бала баланы бағады. Шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын”, - дейді ол.
Қазіргі кезде көпбалалы отбасы жеке салада кәсібін өрбітіп отыр.
39 жастағы ана “Жыл кәсіпкері” аталымы бойынша үздік деп танылды.