Қоғам

«Тырнағын тістеуікпен жұлған»: күйеуі әйелін түні бойы қинап, оны арамен кесіп тастамақ болды

Қазіргі кезде әйел ем алып жатыр

Қырғызстанның Соколук аудандық ауруханасына бірнеше жарақат алған 22 жастағы әйелді түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

24.kg-ның мәліметінше, жәбірленуші 29 қазанда жеткізілген.

«Күйеуі оны түні бойы қинаған. Тырнағын тістеуікпен жұлып, ішкі мүшелерін зақымдаған. Куәгерлер әйелдің айғайын естіп келгенде ер адам оны арамен кесіп тастамақ болған», - делінген дереккөзде.

Денсаулық сақтау министрі әйелдің ем алып жатқанын мәлімдеді. Оның жағдайы орташа ауыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу жүргізілуде.