Жанқош Тұраровқа қатысты дау: Әнару Құрманәліні сотқа бермейтін болды
Боксшының менеджерінің айтуынша, Жанқош Тұраров бұл істен абыройлы түрде шығады
Жақында қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қозғалған зорлау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылғаны белгілі болды. Енді спортшыны айыптаған бойжеткенге қарсы жала жабу ісін қозғау ниеті бар ма деген сауал қоғам назарында тұр. Бұл мәселеге қатысты боксшының менеджері Лейла Камалова CMN.KZ тілшісіне мән-жайды ашып айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Камалованың сөзінше, Жанқоштың өзі әлі де бұл сұраққа түпкілікті шешім қабылдамаған. Менеджердің айтуынша, даулы оқиға боксшының абыройын түсіргенімен, оның бойында адамгершілік таразысы басымырақ түсіп тұр.
«Бір жағынан, беделді қалпына келтіру үшін жала жабу ісін сотта қарағанымыз дұрыс болар еді. Бірақ Жанкош қарсы тараптың психикалық күйін, оның нәзік жанын ойлап, осы сәтте кері қадам жасауды таңдауы мүмкін. Қыздың психологиялық жағдайын ескеріп, істі қозғауға шешім қабылдамай отырған себебіміз де сол», — дейді Камалова.
Менеджер іс барысында бойжеткеннің күйзеліске түскенін ескеріп, жанашырлық таныту маңызды екенін де атап өтті. Оған қоса, Тұраровтың сотқа дейінгі шешімі арқылы бұл істі әрі қарай шиелендірмей, джентльмендікпен аяқтауға тырысатынын мәлімдеді.
«Меніңше, қазіргі жағдайда осы істі өз қалпында қалдырған жөн болар еді. Бойжеткеннің терең күйзеліске түскенін және оның бұл жағдайға қалай әсер ететінін білмей, қосымша қиындық туғызғымыз келмейді. Сондықтан, Жанкош бұл жағдайдан абыройлы түрде шығуды көздеуі мүмкін», — деп толықтырды Камалова.
Еске сала кетсек, тамыз айында қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровқа зорлау айыбы тағылған болатын. Алматы қаласының Әуезов аудандық полиция департаментінде осы айыптау бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Боксшы бұл айыптауды жалған деп атап, өз тарапынан қарсы арыз беруді жоспарлағанын хабарлаған.
Бойжеткеннің мәлімдемелерінен кейін, қоғамда үлкен резонанс туындады. Кейбір ақпарат көздері қыздың боксшыны алғаш рет 2018 жылы зорлады деген айыбын таратты. Дегенмен, қазан айының 20-сында сараптама қорытындысына сәйкес, зорлау фактісі расталмағаны анықталды. Осылайша, қылмыстық іс құрамы болмауына байланысты жабылды.