Мәдениет

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардан Алматыға ауыстырылды

Олар бес жылға сотталған болатын

Қаржы пирамидасын жарнамалап ссотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Павлодардан Алматыға ауыстырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Мейіржан Төребаевты Алматыдағы колонияға жібергені туралы ақпарат пайда болды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады.

"Алматыдағы мекемемелерде адамдар лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталғандар, соның ішінде сіз көрсеткен адамдар тұрғылықты жері бойынша жеткізілді", - деп хабарлады ҚАЖК.

Айта кетсек, 2023 жылғы маусымда Төребаев пен Шерниязов Қылмыстық кодексінің 217-бабы "Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару" бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Бұл істің қалған қатысушылары 8 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.