Мәдениет

“Әр екінші еркек қызғаншақ, абьюзер”: Фариза Ескермес қазақстандық еркетер туралы сөз етті

Ол абьюзер еркектердің кесірінен өз пікірін білдіре алмайтын, сенімділігі жоқ қыздардың көп екенін айтты

Отандық әнші, актриса Фариза Ескермес екі әйел дұрыс емес екенін айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында сөз қылды.

«Әр екінші еркек қызғаншақ, абьюзер. Рас па? Рас! Әйелдері де, қыздары да көздері жаутаңдап, анда барса анда, мында барса мында, өзінің пікірі жоқ, жабылған күйінде не істерлерін білмей жүреді. Ондай қыздар өте көп. Сенімділік жоқ. Ондай жағдай көп, жоқ демей-ақ қояйық. Бұл бізде бар мәселе. Біз еркектердің сол қателігін түсіндіре алмай келе жатырмыз. Бұл отбасыға байланысты. Бәрі отбасыдан шығады. Қазір діндарлар 3-4 әйел алуға болады деп айтады. Екінші, үшінші әйел алу қалыпты нәрсе дейді. Бұл дұрыс емес. Әйеліңді сүй, соны дәлелде. Екінші әйел алу оңай. Ал бір әйелмен соңына дейін болу — қиын», — деді әнші.