“Жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар”: Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрген жігіттер туралы айтты
денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә
Белгілі дінтанушы, айтыскер ақын, Мұхамеджан Тазабек жігіттердің неліктен үйленбейтініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасындағы бөлісті. Айтуынша, денсаулығы жақсы, қаржылық жағдайы жеткілікті, басы бос адамдардың үйленбей жүруі – күнә.
“Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол – күнә. Себебі ғұламалардан қалған “Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар” деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз”, - дейді ол.