«Хутор» ұйымдасқан қылмыстық топ: Хасан Қасымбаев ұсталды
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
«Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды. Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері оған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол азамат А есімді азаматты ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", – дейді ПД өкілдері.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені мәлім етілді.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.