Қоғам

«Жауапсыз махаббат себеп»: Өскеменде 17 жастағы қыз суицид жасады

Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көбейген

Өскемен қаласында 17 жастағы студент қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм толық емес отбасынан шыққан.

 "Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбейгені көңіл қынжылтады: 2024 жылы 22 оқиға тіркелген болса, былтыр жеті оқиға болды. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: отбасылық жанжалдар мен оқудағы қиындықтардан бастап, достарымен қарым-қатынастағы қиындықтарға дейін әсер етіп отыр. Оның үстіне жасөспірімдер көбіне өздеріне зиян тигізгісі келмесе де, бопсалау мақсатында да суицидке әрекеттенеді", - деп атап өтті департаменттегілер.

Болжам бойынша, студент қыздың өліміне жауапсыз махаббат себеп болған. Ол суицид жасаудың алдында хат жазып кетіпті.