Павлодарда ер адам үй иесін зорлап тастады: олар сотта татуласты
Ер адамды «Зорлау» бабы бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы шешім қабылдады.
Павлодар сотында белгісіз үйге кіріп, әйелді зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот жабық есік жағдайында өтіп, істің егжей-тегжей жарияланбады. Алайда жәбірленушінің мүгедек екені белгілі болды. Сотталушы мас күйінде түнгі уақытта оның үйіне жасырын түрде кіріп, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен.
Ер адамға екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 149-бабының 1-бөлігі «Бөтеннің үйіне кіру» және Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі «Зорлау».
Прокурор оны алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотта сөз алған жәбірленушінің өкілі мен адвокаттары олардың татуласқанын, сотталушы моральдық шығынды өтегенін айтты. Олар азаматқа талап-арызы жоқ екенін айтып, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Кінәсін мойындап, өкінген сотталушының өзі шартты түрде жазалауды сұрады.
Сот істің барлық мән-жайын зерделеп, тараптарды тыңдай келе, сотталушыны «Зорлау» бабы бойынша бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы шешім қабылдады.