Басты жаңалықтар

Хасан Қасымбаевтың ісіне полицейлердің қатысы бар ма – ІІМ жауап берді

Қасымбаев екі айға қамауға алынды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Хасан Қасымбаев ісінде полиция қызметкерлері бірге әрекет еткен тұлғалар ретінде қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Лепеханың айтуынша, қылмыстық іс аясында барлық оқиғаны мән-жайы анықталып жатыр. Алайда полиция қызметкерлері қылмыстық топты немесе Қасымбаевтың өзін жасыруға көмектескен деген мәселе қаралып жатқан жоқ.

“Қылмыстық іс аясында барлық жағдайлар анықталады, қазіргі уақытта біздің қызметкерлеріміз туралы мәселе жоқ. Бұған дейін осы сұраққа жауап берген болатынмын. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты одан ауыр қылмысқа қатысқан деген күдікпен жауап алынуда. Біздің қызметкерлер алғашқы кезеңде барлық процессуалдық іс-әрекеттерді орындады”, – депді Лепеха.

Сондай-ақ Лепехадан Қазақстандағы қылмыстық топтар тізімінің бар-жоғы туралы сұралды. Ол мұндай құжат бар екенін және ондағы есепте азаматтар тізімделетінін айтты.