«Шай бағасы 3 мың теңге»: көпшілік Димаш Құдайбергеннің ата-анасының мейрамханасындағы бағаларды көріп шошыды
Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!
ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасының ашқан “Дайдидау” мейрамханасының ас мәзірінің бағалары белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Белгілі журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасында видео жариялап, мейрамхананың маркетингтік жүйесін мақтады.
“Міне, маркетинг! Дайдидау мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, тик-токқа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан астам адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан, шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!”, – деп жазды журналист.
Бірақ желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жазып, сынға алды.
Олар “Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты”, “3 мың теңгеге бір келі шай аламын”, “Димаштың отбасы да ақшаға құныққан екен”, “Шай бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!”, Қуырдақ бағасы – 7500 теңге” деп жазды.