Ер адам Хасан Қасымбаевтың қорғаушысы болып отырған биліктегі туыстарын тізіп берді (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 7 қараша, 2024
- 1.4k
Ер адам желіде "Хутор" қылмыскерлер тобы жайлы, Хасан Қасымбаевтың жоғарыдағы қорғаушы туыстары жайлы өз шындығын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Сөзінше оның өзі де дәл осы қылмыстық топтан жәбір көрген. Әділдік сұрап, прокуратураға да жазған. Бірақ еш нәтиже болмапты.
"Хасанды қазір қамады. Жүргембаев Жамболат оның туысы. Жүргембаев Мұхтар қазіргі сенатор оның жақыны. Олардың түбі сол Астанадан. Қазір біздің ауыл әкімі Досымбаев Нұрбол. Олардың барлығы осы қылмысты ұйымдасып жасайды. Ал қолында билігі барлар сол Хасанды қорңаштап отыр. Олар кезінде менің ізіме түсіп, өлтіреміз деп қорқытты",-дейді кәсіпкер.
"Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Алматы облысынан сайланған сенатор Мұхтар Жөргенбаев қамауға алынған Хасанның ағасы. Олардың анасы - туған апалы-сіңлі.
Қазіргі таңда тергеу барысында оның бұл жағдайға қаншалық әсер еткені тексеріліп жатыр. Ол Талғар аппаратының басшысын - Хасанның ағасын атышулы оқиғадан кейін жұмыстан қумауын сұраған деген ақпарат бар", - делінген дереккөз хабарламасында.
Айта кетейік, Мұхтар Жөргенбаев қазіргі таңда Сенат депутаттарының тізімінде тұр. Ол Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында туған.
Еңбек жолы мынандай:
Талғар ауданы Алматы мал бордақылау кеңшарының инженері, жылу технигі, ауылшарушылық дақылдарын өсіру бригадирі, аға инженері (1978 - 1992)
«Дулат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (1992 – 1993)
Киров ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Киров ауылдық округінің әкімі (1993 – 1998)
Алматы облысы Талдықорған аудыны әкімінің орынбасары (1998 – 1999)
Қапшағай қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1999 – 2001)
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласы әкімінің орынбасары (2001 – 2003)
Консорциум «Идиль-Ақсу» ЖШС-ң жоба жетекшісі (2003 – 2005)
«Ақсу» АҚ вице-президенті (2005 – 2006)
«Ақсу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2006 – 2009)
«Қарасай Құрылыс» ЖШС-ң Бас директоры (2009 – 2019)
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019 – 2021) болған.
Хасан Қасымбаевтың өзі екі айға қамауға алынған болатын.
Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы - Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.
ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.
Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.
"Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері.