Павлодарда дауылдан ағаш құлап, зейнеткерді басып өлтірді
Әйел ауруханада көз жұмған.
Павлодарда дауылдан ағаш 67 жастағы әйел адамның үстіне құлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
1957 жылы туған әйел ауруханада көз жұмған. Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында оның алған жарақаттарынан қайтыс болғаны көрсетілген.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. 1957 жылғы әйел адам зардап шеккен. Зардап шегушінің екі аяғы, көкірек тұсы, жамбас сүйектері, омыртқасы сынған, ішкі ағзалары жарақаттанған, 3-4-дәрежедегі жарақат шогын алған. Өкінішке қарай, ол алған жарақаты салдарынан көз жұмды", - делінген өңірлік жедел жәрдем стансасының мәліметінде.