Басты жаңалықтар
"Қайрат" Еуропа лигасында андоралық команданы ұтты
- автор kyn.kz
- 13 шілде, 2018
- 1.0k
Ойын барысында үш гол соғылды. Шабуылды нәтижелі аяқтағандар: Адеринсола Эсеола, Бауыржан Исламхан және Мартон Эппель
Бұл жайлы sport.kz жазады.
Алматының "Қайрат" футбол клубы қонақта "Энгордани" командасын ойсырата ұтты
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Андорра-ла-Вельяда өткен кездесу 3:0 есебімен алматылықтар пайдасына шешілген. Бірінші гол бесінші минутта соғылды. Гол авторы — Адеринсола Эсеола, ал 25-ші минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден допты қақпаға тоғытты. Осы ойынның нүктесін қойған голды 90-шы минутта Мартон Эппель салды.
Қарымта матч 19 шілдеде 19.00-де Алматыда өтеді.




