Басты жаңалықтар

"Қайрат" Еуропа лигасында андоралық команданы ұтты

Ойын барысында үш гол соғылды. Шабуылды нәтижелі аяқтағандар: Адеринсола Эсеола, Бауыржан Исламхан және Мартон Эппель

Бұл жайлы sport.kz жазады. Алматының "Қайрат" футбол клубы қонақта "Энгордани" командасын ойсырата ұтты Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Андорра-ла-Вельяда өткен кездесу 3:0 есебімен алматылықтар пайдасына шешілген. Бірінші гол бесінші минутта соғылды. Гол авторы — Адеринсола Эсеола, ал 25-ші минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден допты қақпаға тоғытты. Осы ойынның нүктесін қойған голды 90-шы минутта Мартон Эппель салды. Қарымта матч 19 шілдеде 19.00-де Алматыда өтеді.