Қоғам

Компьютер ойнатпағаны үшін: 15 жастағы жасөспірім өз анасын ұрып өлтірді

Көршілерінің айтуынша, бала тұйық болған, мектепке сирек баратын көрінеді

Мәскеу облысында 15 жастағы жасөспірім компьютер ойнатпағаны үшін анасын аяусыз өлтірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әйел баласының таңертеңнен кешке дейін компьютер ойнағанына қарсылығын білдірген. Бірақ анасы мен ұлының арасында туған жанжалдың соңы өліммен аяқталды. 48 жастағы әйел жалғызбасты болған.

Көршілерінің айтуынша, бала тұйық болған, мектепке сирек баратын көрінеді. Жасөспірім полицияға өзі қоңырау шалған. 

«Жасөспірім адам өлтіргені туралы құқық қорғау органдарына өзі хабарлаған, содан кейін ол ұсталды», - деді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий.

Қазргі уақытты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.