Қоғам

1 қаңтардан бастап елімізде тағы бір құжат цифрлық форматқа ауыстырылады

1 қаңтарынан бастап санитарлық сертификат тек электрон түрде беріледі

Өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов тағы бір медициналық құжат цифрландырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап санитарлық сертификат тек электрон түрде беріледі.

"Медицина саласында көптеген медициналық анықтамалар мен құжаттар бар. Осыған байланысты азаматтар клиникаларда бірнеше сағат бойы кезекте тұруға көп уақыт жұмсауға мәжбүр. Сондықтан бұл құжаттарды цифрландыру өте маңызды", - деді ОКҚ брифингінде вице-министр.