"Не істерімізді білмей": Ерке Есмахан көпшілктен кеңес сұрады
Идея айтыңыздаршы, не істесек болады?
Әнші Ерке Есмахан өзіне айналысатын іс таппай, елден кеңес сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өзінен бірнеше жасқа кіші күйеуі екеуі бірнеше күн бұрын Алматы Арена спорт кешенінде концерт берген еді.
“Альбом шықты, бейнебаяндар шығып, концерт өтті. Енді не істерімізді білмей, күйеуіміз екеуміз бос қалдық. Демалысқа кетіп қалайық десек, алда тур бар. Шопинг жасайық десек, концертке дейін барлығын алып тастағанбыз. Әсіресе, мен. Кино, сериалдан шаршадық. Тек, шүкір, деп жатырмыз. Идея айтыңыздаршы, не істесек болады?" – деп сұрады әнші.