Қоғам
Марат Әйтеновтің Mercedes көлігі алимент төлемегені үшін тәркіленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қараша, 2024
- 778
Алимент қарызын өтеу үшін көлік аукционға қойылады.
Шымкент экс-әкімінің туған бауырының көлігі бірнеше миллиондаған алимент қарызы үшін тәркіленіп алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астана қаласының жеке сот орындаушы палатасы хабарлады.
«Жеке сот орындаушысы Муратова Н.К үш балаға алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің автокөлігі тәркіленіп, тыйым салынған автотұраққа орналастырылды. Қарыз 23 000 000 теңгеден астам жинақталған жағдайда», - делінген хабарламада.
Алимент қарызын өтеу үшін көлік аукционға қойылады.
Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі өзінің Instagram парақшасында экс-күйеуінің бұл көлікті жасырып жүргенін және жеке сот орындаушымен сөз байласуға кіріскенін жариялады.
Келесі мақала