Мәдениет

«Көңілім босап отыр»: Фариза Төреәлі бір жасқа толған қызына пәтер сыйлады

Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі бір жасқа толған қызына пәтер сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Блогер ару Instagram-дағы парақшасында сәбиіне деген жүрекжарды тілегін жазды.

 "1 жыл бұрын жарқ етіп дүниеге сен келдің, қызым. Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. Аллаһымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт! Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-де дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып көңілім босап отыр. Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Сонымен қатар күйеуі Дархан Нортаев екеуі бір жасқа толған қыздарына Астана қаласынан пәтер алып берген.

"Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауға Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жазды Фариза Төреәлі.