«Бұл жай ғана жүзім...»: депутат хитке айналған жемістің шынайы бағасы қанша екенін көрсетті (ВИДЕО)
Елімізде хитке айналып үлгерген жүзімнің бағасы 10 мың теңгеге дейін жеткен
Депутат Дәулет Мұқаев желіде трендке айналған жүзім жемісінің негізгі бағасын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жазуынша, шетелде тұратын досы елді шулатқан жүзімнің бағасы 600 теңге тұратынын айтқан. Ал елімізде 10 мың теңгеге дейін жеткен.
«Бұл жай ғана жүзім... Малайзияда жүрген Данияр Қанқожаев досымның жіберген видеосын көріңіздерші. Жегенімізді тренд етпей, білімді трендке айналдырайық. Ой қуалайық, білім қуалайық», – деп жазды халық қалаулысы жеке парақшасында.