Аяз, көктайғақ: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
9 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 9 қарашада түнде және таңертең Оралда тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз екпіні – 18 м/с.
Петропавлда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі. 9 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі. 9 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 9 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 9 қарашада күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. 9 қарашада күндіз Ақмола облысында қар, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болуы ықтимал.
Көкшетау қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 9 қарашада Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі.