Ақтөбе облысында тікұшақ құлады: бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңында тікұшақ құлады, деп хабарлайды 1127
Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112-ге Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, қорғаныс министрлігіне тиесілі, деп хабарлады ведомство.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды.
МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Қорғаныс минситрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
""Ақтөбе облысы Сарыарқа кентінің ауданында оқу-жаттығу кезінде әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы қону кезінде апатқа ұшырады . Бортта 3 экипаж мүшесі болды, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Экипаж мүшелерінің бірі қайтыс болды. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады ведомство.