Мысырда қазақстандық турист отырған автобус аударылды
Қазақстаннан үш турист бар
Мысырдың Рас-Сидр қаласында қазақстандық туристтер отырған автобус аударылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Cairo24.com сайтына сілтеме жасап.
Салдарынан 41 адам зардап шекті. Оның үшеуі қазақстандық турист екені белгілі болды.
Ал қалған 31 адам Ресей мен Украинадан келген. Басылымның мәліметінше, Қазақстаннан үш турист, Әзірбайжаннан үш турист және төртеуі жергілікті тұрғын.
Зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Ал жарақат алғандары ауруханаға жатқызылды.