Мәдениет

«Жыладым»: Мөлдір Әуелбекова араласпай кеткен Баян Мақсатқызынан кешірім сұрағанын айтты

Өзім барып, өзім кішірейіп, кешірім сұрадым

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы продюсері бюолған Баян Мақсатқызынан кешірім сұрап, қарым-қатынасын дұрыстағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әнші өзінің кішілігін ескеріп, Баянның алдына өзі кешіріп сұрап барған.

“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, өзі ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болды ғой, бірақ ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі мен сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Аман-есен аяққа тұрған соң бардым. Сол жағдай маған ой салды деп ойлаймын. Өзім барып, өзім кішірейіп, кешірім сұрадым.  Сағынышымды басып, құшақтадым. Ол кісіде де сондай болды. "Осыған дейін неге келмедің?" деп ұрысты. Әдемі әңгімелестік", –деп айтып берді әнші.