Атырауда анасы мен ұлы тірідей өртеніп кетті
Ал 58 жастағы ер адам екі қолынан күйік алып, 5 жастағы немересі түтіннен улану белгілерімен аудандық ауруханаға түсті
Атырау облысында жеке үйде болған өрт болып, екі адам көз жұмды. Ал екі адам аудандық ауруханада жатқызылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 11 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылында орын алған.
Өрт кезінде 66 жастағы анасы мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты. Ал 58 жастағы ер адам екі қолынан күйік алып, 5 жастағы немересі түтіннен улану белгілерімен аудандық ауруханаға түсті.
“Өрт 5:52-де ауыздықталып, толықтай 6:30-да сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің тоғыз қызметкері, екі техника бірлігі және «GRWORLD» ЖШС-нен үш адам мен бір техника бірлігі жұмылдырылды”, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.