Келіншек баласының әкесі 2 ай сайын үйленіп, әйелдерге "Талақ" айтып тастап кететінін айтты
Әйел: Ол өтірік намазхан, талай қызды осылай жылатып жүр.
Заңгер Ләззат Рақышева кезекті оқырманның хатын жариялады. Онда әйел ұлының әкесі қой терісін жамылған қасқыр екенін айтады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Сәлеметсіз бе! Мен сізге бір адамның фотосын жіберсем бола ма ? Ол негізі менің баламның әкесі, түк көмектеспейді, алимент төлемеу үшін өзінің тегін де бермеген. Өтірік намазхан. Менен басқа талай келіншекті алдап неке қидыртып, үйіне имам шақырып, екі-үш күн, не 1 айдан кейін “талақ” деп көп қызды жылатып жүр!", - деп жазған хат иесі.