Басты жаңалықтар

"Өзін-өзі екі рет атқан": Түркістан облысында 18 жастағы сарбаздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

Оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеулер басталған

ҰҚК-нің Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның «өзіне-өзі екі рет оқ атқанына» сенбейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі azattyq.org сайтына сілтеме жасап.

9 қарашада ШҚО Зайсан ауданындағы ҰҚК шекара қызметіне қарасты әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп көз жұмған 18 жасар Мұхамедияр Тастанды үйіші оны ақтық сапарға шығарып салды. Оның денесін әскерилер жеткізген.

Марқұмның туыстары оның өзін өзі атып өлтірді дегенге сенбейді. Шекара қызметіне әскерге алынуы үшін 3 рет психологиялық тесттен өтіп, денсаулығы жақсы деген анықтама алған. Марқұм әскерге кеткелі жиі ақша сұраған.

«Бір күні тамақ суретін жіберіпті. Бірақ қаншама еркек адамға ол қандай тамақ болады. Тамақты өздерің пісіреді екенсіңдер. Неге көп пісірмейсіңдер? деп сұрадым. Сол кезде бізге азық өлшеп береді деді. Өздерінің туған күнінде 3000 теңгеден жинап, қой сойып отырады екен. Бірақ сол күні ондай болған жоқ. командирлері суретін жіберер еді. Оны ешқайсысы істеп бермеді. Менің баламның өмірі үш мың екен. Күнделікті үш мың теңгені не істейді? 95 келі салмағы бар мүсіні келіскен балам бар еді, қазір шидей болып жатыр», - дейді марқұмның анасы.

Мұхамедияр үй ішіне әскерден келген соң үйленемін деген екен.

Оқиғаға қатысты «Өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу» деген 105 баппен қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар тағайындалып, тергеулер басталған.