Мәдениет

Жүрсін Ерман: Дәрігер 2-3 күндік өмірің қалды деп үйге жіберді (ВИДЕО)

Ақын: Президент Тоқаев ешкімге жария етпей еміме көп ақша берді.

Белгілі ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман қант диабеті ауруынан қатты қиналған кезін еске алды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

"Маған дәрігер "аяғыңды кесеміз, әйтпесе болмайды" деді. Содан қатты ауырдым. Президент іс басқармасының ауруханасына қаралдым. Адамға аяғын кестіру оңай ма. Содан Швейцарияға  кетіп қалдым. Онда менің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры болып отырған құдам бар. Сол жақта ем алдым. Шынын айтсам одан да ем қонған жоқ. Президентіміз Тоқаев менің еміме көп ақша берді. Енді ол өзі оны жария етіп айтпайды. Ақыр соңы дәрігерлер 2-3 күндік өмірі қалды депті балаларыма. Одан қыздар қанша күн болса да өз үйінде болсын деп, әйтеуір шөп дәрілермен емдеп алды",-дейді Жүрсін Ерман.