Қоғам

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде адамды азаптаған полицей сотталды

Сот үкімі бойынша сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды

Қаңтар оқиғасы бойынша жеткізілген адамды азаптаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестіккелісімінің негізінде қаңтар оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды.

Қылмыстық істі Алматының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

"Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді. Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген", - делінген хабарламада.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімі бойынша сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.