Мәдениет

«Қалағаныңды әперем» деді»: Ерке Есмахан 40 жасына күйеуі не сыйлағанын көрсетті

Әнші сыйлықтары әлі түгел емес екенін айтып, туған күніне әлі 15 күн барын ескертті

Белгілі әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында өзінен бірнеше жасқа кіші күйеуінің не сыйлағанын көрсетті. Әнші жақында 40-қа толады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерке Есмахан күйеуі Раймнан алған сыйлықтарын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Ол әншіге Chopard, Van Cleef, Graff, Bulgari сынды қымбат брендттерден сыйлық тарту еткен.

"Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", - деп жазды Ерке Есмахан.