Басты жаңалықтар
Қарағанды облысында екі бала көп қабатты тұрғын үйден құлап кетті
- автор kyn.kz
- 13 шілде, 2018
- 420
Қазір екі бала да ауруханада жатыр.
Қарағанды облысының екі қаласында екі бала биіктіктен құлап кетті. Қазіргі таңда олар ауруханада.
Облыстық ТЖД-да хабарлағандай, 12 шілдеде Приозерскіде үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала 4-қабаттың балконынан құлап, ауруханаға жеткізілді.
Сәтбаевта бірінші қабаттың терезесінен екі жасар бүлдіршін құлап, ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар ата-аналарды абай болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.