Қоғам

«Қысқа юбка киіп, клубта ішіп жүрді»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр

Марқұм Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермеледі деген «Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол Салтанат туралы пікірін бірден өшіріп тастаған екен. Алайда ол желіде жылдам тарап кеткен.

«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымның қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», - дейді Елжас Шора.

Еске салсақ, «Асар-Уме» атты қайырымдылық қордың еріктісі Елжас Шора тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы «клубтарда мас болып жүрген, күйеуін өзін өлтіруге итермелеген» деп айтқан болатын.