Бақытжан Бұқарбай: Бұл сатқындық. "Нурикамал" әнінің тарихы ешкім тәрбие алатын дүние емес
Белгілі баспагер "Нурикамал" фильміне қатысты көпшілікке қарсы пікірін ашық айтты.
Белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай қазір жарнамасы жақсы жүріп жатқан "Нурикамал" фильмін насихаттаудың еш қажеті жоғын ашық айтты. Оның сөзінше фильм мен ән т арихында ұрпаққа үлгі боларлық ештеңе жоқ, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Өйткені әні ұнамайды. Нақтырақ айтса, шығу тарихы ұнамайды. Үш баланың әкесі Нұрикамал есімді жас келіншекке ғашық болып қалады. Ал ақын әйелі болса оның бұл махаббатын қолдап, күйеуінің атынан әлгі келіншекке арнап өлең жолдарын жазып беріпті. Мұны әйел даналығы деп көтермелеуге тырысуда. Кейбіреулер шығармашылық үшін отбасын неге құрбандыққа шалмасқа деп, мұны ерлікке телиді екен. Бұл мысалды дәріптейтіндерді түсіне алмадым. Қазақтар, сендерге не болған? Күйеуінің тірлігін жеке басым сатқындық деп қабылдаймын. Әйелі мен бала-шаға алдындағы еркектің жауапкершілігі қайда қалды сонда? Өз басым мұндай азаматтарды түсінбеймін. Ал ақын әйелдің тірлігінде ешқандай даналықты байқап тұрғаным жоқ. Кейін үшеуі жақсы араласып кетті деп жазып жатыр. Бір отбасы шеңберіндегі мұндай қарым-қатынастар бүкіл ұлтқа үлгі болмауы тиіс деп ойлаймын," – дейді ол.