Басты жаңалықтар
"Ол жер хайуанаттар бағы емес": Сенатор түрмедегі Бишімбаев халыққа не үшін көрсетілмейтінін айтты
- автор kyn.kz
- 14 қараша, 2024
- 439
Сенатор Марат Қожаев журналистерге не себепті Қуандық Бишімбаевтың түрмедегі тіршілігінен фото, видео таратылмайтынын түсіндіріп берді.
Марат Қожаевтың сөзінше Қуандық Бишімбаевтың өзі түрмедегі өмірінен фото, видео түсірілімге рұқсат бермейді екен. Ал жазасын өтеушілердің ол жақта азаматтық құқығы бар, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мұның барлығы азаматтардың құғының қорғалуымен байланысты. Сотталған адамның өзінде азаматтық құқық бар. Егер ол өзі көпшілік алдына шыққысы, көрінгісі келмесе оны ешкім міндеттей алмайды. Мен ерсі айтсам айып етпеңіздер: ол жер хайуанаттар бағы емес. Құқықтық орган өкілдерінің ресми жауабына сеніңіздер. Ол Степногорскте жазасын өтеп жатыр",-деді сенатор.