2,5 миллион теңге: Елімізде министрлер мен әкімдердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2024
- 201
Ұлттық статистика бюросы облыс әкімдерінің орташа есеппен қанша жалақы алатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызметкерлер арасында ең жоғары жалақы премьер-министр мен оның орынбасарлары алатыны белгілі болды. Олардың айлық жалақысы: 2,5 миллион теңге. Ал министрлер 1,5 миллион теңге болса, облыс әкімдері орташа есеппен 1,7 миллион теңге алады екен. Мәжіліс депутаттары 1,3 миллион теңге, сенат депутаттары 1,1 миллион теңге алатынын Ұлттық бюро статистикасы мәлімдеді.
Еліміздің ең үлкен немесе белсенді дамып келе жатқан бес өңірінің басшылары 788,7 мың теңгеден жоғары жалақы алады. Алматыда басшылық қызмет ететіндердің жалақысы 1,2 миллион теңгеден асады. Мұнай саласының басшылары: Атырау облысында 983,5 мың теңге, Маңғыстау облысында 791 мың теңге.
Астанадағы компания басшылары да айына 853,8 мың теңге алса, Жамбылда (496,5 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (517,2 мың теңге) және Түркістан (526 мың теңге) облыстарындағы ұйым басшыларының жалақысы едәуір төмен. Шымкент қаласында және Ұлытау, Қызылорда, Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарындағы басшылардың жалақысы 600 мың теңге ғана.
Биыл Қазақстанның ұйым басшыларының орташа былтырғыи жылмен салыстырғанда жалақысы 10,3%, ал 2020 жылмен салыстырғанда 52,2% артық. Мысалы осы жылы 788,7 мың теңге болды. Яғни, басшылардың жалақысы орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екенін байқауға болады.
Статистика бюросы Қазақстанның әр өңірінде және барлық салада 788,7 мың теңге жалақымен мақтана алатын компания басшылары кездеспейтінін жеткізді.
Керісінше, бұл орташа сома ұлттық компаниялар, корпорациялардың топ-менеджерлерінің өте жоғары жалақылары мен орта және шағын кәсіпорындар менеджерлерінің арасындағы мән болып есептелді. Мысалы, Қазақстанда ай сайын 14,3 миллион теңге табатын компания филиалдарының басшылары, 10 миллион теңге табатын фирма директорлары және 364,2 мың теңге жалақы алатын әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жетекшілері бар.
Экономика салалары бойынша айтар болсақ, жалақы құбылмалы. Басшылар арасында ең жоғары жалақылар темекі фабрикаларының директорларында (3,9 миллион теңге) және фармацевтикалық компаниялар директорларында (3,2 миллион теңге) байқалады. Мұнай өнеркәсібі басшыларының жалақысы тек үшінші орынға ие: 2,1 миллион теңге. Автозауыттар (1,7 миллион теңге) және көмір өндіруші компаниялар (1,7 миллион теңге) директорлары, сонымен қатар банктер мен сақтандыру компанияларының басшылары (1,6 миллион теңге) мен IT компаниялардың жетекшілері (1,5 миллион теңге) орташа жалақыдан екі есе көп табады.
Ал әлеуметтік ұйымдарды басқарушы басшылардың жалақылары 297,5 мың теңге. Ең төмен болып саналады. Бұдан бөлек балабақша меңгерушілері (319,2 мың теңге) және ветеринарлық клиникалардың бас дәрігерлері (348,1 мың теңге) де салыстырмалы түрде аз жалақы алады.
Бюджет саласындағы түрлі ұйымдарда бөлім басшыларының жалақысы орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Мысалы, мектеп директорларының жалақысы 384,5 мың теңге, аурухана бас дәрігерлері – 507 мың теңге, мемлекеттік мекемелер басшылары – 461,3 мың теңге.
Статистикалық есептерге қарағанда, Қазақстанда көптеген мамандық бар. Олар өздерінің басшыларынан да жоғары табыс әкеліп отыр. Негізгі талап – өз саласында ең үздік болу, терең білім мен тәжірибеге ие болу, ерекше өнімдер мен қызметтер ұсыну. Мысал ретінде үш экономикалық салада бірнеше осындай мамандықтар таңдалған: тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және ақпарат пен байланыс.
Құрылыс саласында компания басшыларынан жоғары жалақы алатын мамандар қатарында құрылыс жұмыстары мен қауіпсіздігіне жауапты жоғары санаттағы инженерлер (1,8 миллион теңге), техникалық бақылаушылар (3,7 миллион теңгеге дейін) және еңбек қауіпсіздігі бойынша мамандар (1,2 миллион теңге) бар. Тау-кен өнеркәсібінде ең жоғары жалақыларға ие мамандар қатарында инженерия (8,6 миллион теңгеге дейін) және технологиялық қамтамасыз ету саласындағы жоғары білікті мамандар (4,2 миллион теңгеге дейін) да бар.
Ақпарат және байланыс саласында да қызық нәтижелер алынды. Бұл салада басшының орташа жалақысы 1,1 миллион теңгеге жуықтайды. ІТ саласында жүргізілген зерттеу нәтижесінде осы сомадан жоғары жалақы алатын мамандықтар тізімі соншалықты ұзақ болған. Оны таңдау үшін ең қызық әрі ерекше мамандықтар ғана алынған. Жақсы программистер, ІТ-архитекторлар және frontend-әзірлеушілердің 1 миллион теңгеден жоғары жалақы алатыны белгілі болды.
Бұдан басқа, бұл салада жоғары жалақыларға ие мамандар қатарында бизнес-талдаушылар (1,4 миллион теңгеге дейін), аниматорлар (1,8 миллион теңгеге дейін) және компьютерлік графика суретшілері (1,4 миллион теңгеге дейін) бар. Осы саладағы ең жоғары жалақы алатын ерекше мамандықты инженерлік психология саласындағы маман деп атауға болады. Бұл маман техникалық жүйелердің тиімді жұмыс істеуін және компанияға көбірек пайда әкелуді біледі. Сондықтан ол адам айына 15,3 миллион теңге табады. Бұл орташа жалақыдан 35 есе көп.