«Жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан»: Тараздағы екі әйелдің өлімі туралы тың дерек шықты
Екі әйел бір ауданның тумасы және бірге пәтер жалдап тұрған
Таразда пәтердің бірінде қаза тапқан екі әйелдің өлімі туралы тың дереу шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Halyqstan telegram-арнасының жазуынша, екі әйелді аяусыз пышақтап өлтірген жігіт Павел Ш. 1996 жылғы екені белгілі болды. Ол әйелмен әлеуметтік желі арқылы танысқан.
«Қаза тапқан екі әйел жеңіл жүрісті болған. Үлкені, яғни Света есімді әйел 2010-2016 жылдар аралығында жеңгетай болғаны үшін тізімде тұрған. Ал екінші әйел Айман Светаның қол астында жұмыс істеген. Жезөкше болған», - деп жазады басылым.
Марқұмдардың екеуі де Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. Бірге айына 100 мың теңгеге пәтер жалдап тұрған.
«2024 жылдың 5 қарашасында Айман «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде Павел деген ер адаммен танысқан. Сөйлескен кезде әйел жезөкше екенін, бір рет қатынасқа түскені үшін 7000 теңге алатынын айтады. Түнгі сағат 01.30-да жігіт қолында ішімдігі бар Айманға келген. Оның ақшасын төлеп, бір рет төсектес болған. Алайда, Павел әйелге «ақшасын артынан беремін, тағы бір рет жақындасайық» деп жалынған. Алайда, Айман олай істей алмайтынын айтып, киіне бастағанда жігіт оны қылқындырған. Айман есінен танған соң Павел ас бөлмеден пышақ алып, келіншекке жеті рет сұғып алған. Көрші бөлмедегі бұл айғай-шуды естіген Света өз бөлмесінен шығып, Айманның мәйітін көргенде қатты айқайға басқан. Павел оны да бас салған», - деп жазады дереккөз.
Қашып құтылмақ болған Света Павелдің мойнын тырнап алған көрінеді. Алайда, қашып кетуге шамасы келмеген. Оны жігіт 14 жерінен пышақтап өлтірген.
«Екі әйелдің де жан тапсырғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, шайынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен Айман есімді әйелдің ұялы телефонын алып кеткен. Әйелдердің мәйіті 7 қарашада табылған. Ал, полиция Павелді 8 қараша күні қолға түсірген. Ол кінәсін мойындап, екі адамды қалай өлтіргенін көрсетіп, пышақты да тауып берген», - деп жазады басылым.