Шәмші Қалдаяқовтың келіні театр директорларын «Сыған серенадасы» үшін сотқа бермек
Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты
Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова еліміздегі театрлардың директорларын сотқа беретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulusmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол бұл туралы мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында өткен отырыста мәлімдеді.
«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа беремін», – деді ол.