«12 құрсақ әкелген»: Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 қараша, 2024
- 569
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтап, жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші анасының көпбалалы ана екенін айтты.
“Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні. Өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз. Қазір немерелер, шөберелер сүйіп отыр. Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз. Бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын. Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз. Аман болыңыз, анашым", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары өнер иесінің анасын туған күнімен құттықтап, тілектерін жаудырды.
Олар “Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды”, “Мақпал анасының алдында 60 жасқа толды”, деген сөз рас екен”, “Анамыздың туған күні құтты болсын!”, “Бақытты ана, аяулы әже болсын” деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024