Басты жаңалықтар

Депутаттың күйеуінен жүкті болып қалған қыздың ісі: мектеп директорлары мен дәрігерлер сотталды

12 жастағы мектеп-интернат оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен жүкті болып қалған

Жамбыл облыстық сотында 12 жастағы қызды зорлау және заңсыз аборт жасату бойынша қылмыстық іс қаралды. Болған жағдайға мектеп директоры, мектеп әкімшілігі мен мектеп дәрігерлері кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап. 

Кінәлілер сотталғанымен, аппеляциялық олардың бірінің жазасын жеңілдеткен көрінеді. 

Жантүршігерлік жағдай 2023 жылы қараша айында Саудакент ауылында болды. 12 жастағы мектеп-интернат оқушысы аудандық мәслихат депутаты Галина Мороздың күйеуінен жүкті болып қалған. Жаңатас қаласында жүргізілген УДЗ қыздың жүкті екенін растады.Кейін жасөспірім қыз түсік жасатқан. Ол өзіне ота жасаған дәрігердің бет-әлпетін көрмеген. Кейін депутат Галина Мороз күйеуімен ажырасуға ниетті екенін айтты.

Жарты жыл бұрын қызды зорлаған 55 жастағы қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек бірнеше бап бойынша мектеп директоры мен мектеп дәрігерлері сотталды. Олар аса ауыр қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату, ұйымдасқан және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен:

  • Мектеп-интернат директоры Лаура Нұрмаханова екі жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы мен медбикенің әрқайсысына үш жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, кәсіптік қызметпен айналысуға тыйым салынды;
  • Акушер-гинеколог Еркебұлан Қожабеков бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот отырысы жабық режимде өтті.