Қоғам

Ақтауда топтық төбелеске қатысқан оқушылардың ата-аналары кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ата-аналар балаларымен бірге жәбірленушіден кешірім сұрады

Ақтау қаласында өз қатарластарын ұрып-соққан оқушылар мен олардың ата-анасы кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақтау қаласында “24 жалпы білім беру мектеп” КММ орын алған келеңсіз оқиғаға байланысты ата-аналар жәбірленушіден кешірім сұрады.  

“Мойнымызға алып, кешірім сұрадық. Енді ата-аналарымызбен кешірім сұраймыз. 15 қарашада болған жағдайға байланысты топтық төбелес бойынша кешірім сұраймыз. Балалар да түсінді”, - деді ата-аналар.